Bugin

Чек пен түбіртекті лақтыруға болмайды - алаяқтықтың тағы бір түрі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі – онлайн-кредитті заңсыз рәсімдеу. Қазақстанда осы қылмыс жалған хабарландырулардан кейін екінші орында тұр. 

Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, Алаяқтар адамның жеке мәліметтерін пайдаланып, мойнына кредит іліп кетеді. Ал жеке мәліметтерді табу шаруа емес. Мысалы, Атырау облысында Семей қаласының тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желіде жоғалған құжаттар туралы хабарландыруларды іздеп, сонда көрсетілген жеке мәліметтермен микро кредиттерге тапсырыс беріп отырған.

Ал құжат жоғалған адамдар заңсыз кредиттің рәсімделгенін білмеген. Оларға қарызды төлеу мерзімі өтіп кеткеннен кейін ғана хабарлама түскен. Қазіргі кезде зардап шеккен 350-ден астам адам анықталды. Олардың атына жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асатын заңсыз кредиттер рәсімделген. Ал Петропавл қаласында жеке куәлікпен емес, кәдімгідей медициналық анықтамамен онлайн-кредит рәсімдеу фактісі анықталды. Бір әйел дәрігерлердің тексерісінен кейін асығып, медициналық анықтаманың тура аурухананың жанында түсіріп алған.

Оны алаяқ тауып алып, атына кредит рәсімдеп жіберген. Анықталғандай, ер адам көп ойланбай, құжаттағы жеке мәліметтерді пайдаланып, 50 мың теңгеге онлайн тапсырыс берген. Бірнеше қаржы ұйымы займ бермей қойды. Ал біреуі оң шешім шығарып, ер адамның банк картасына кредит ақшасын жібере салған. Ал келіншек онлайн кредиттің бар екенін сот орындаушыларынан ғана білген.

"Адамдар банкоматтан ақша алғанда және терминал арқылы төлем жасаған кезде көп жағдайда чек пен түбіртектерді тастап кетеді. Олай істеуге болмайды. Себебі чекте телефон нөмірі, ЖСН, соңғы аударымның сомасы, шотқа түскен ақша және тағы басқа деректер көрсетіледі. Алаяқтар оны пайдаланып кетуі мүмкін", - дейді полицейлер.

Сақ болайық: Алаяқтар адам алдайтын тағы бір айла тапқан