Bugin

Абаев мәдениет министрі қызметіне неге тағайындалғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев министр қызметіне не себепті тағайындалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Неге дәл мені осы қызметке тағайындағанын айту қиын. Бұл – президенттің шешімі. Менеджерлік қасиетім рөл ойнаған болар деп ойлаймын. Барлық салаға бірдей қарайтын адаммын. Сондықтан барынша пайда әкелетін шығармын», - деді Абаев.

Оның айтуынша, экс-министр Ақтоты Райымқұлова және бұған дейінгі басшылардың әрқайсысы мәдениет, спорт және туризмді дамыту жолында көп еңбек етті. Бірақ проблемалар әлі де бар.

«Әрине, проблеманың бәрін бір сәтте шешу мүмкін емес. Проблема бар. Дегенмен біраз шаруа атқарылды. Мәселен Нұр-Сұлтан қаласында мәдениеттің қалай көтерілгенін алып қараңыз. Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа ғимараты қандай, Астана-Опера, хореография академиясы бар», - деді министр.