Bugin

ІІМ: «273 қызметкер мен әскери қызметші мүгедек болып қалды»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ішкі істер министрлігі Қаңтар оқиғасы салдарынан 273 қызметкер мен әскери қызметші мүгедек болып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Жаппай тәртіпсіздік кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғау органдары қызметкерлері және әскери қызметшілер әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оның ішінде атыс және пышақтау жарақаттары, сондай-ақ басқа да ауыр зардаптар бар. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде ауыр жарақат алған 273 қызметкер мен әскери қызметші емделуде. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай олар енді жұмыс істей алмайды, іс жүзінде мүгедек болып қалды», - деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.