Bugin

Ресей Қазақстанның шекаралық тұтастығын мойындайды – Путин

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

РФ президенті Владимир Путин Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін мойындайтынын мәлім етті. Оның ішінде Қазақстан да бар. Мұны ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенде айтқан. Бұл жайлы Новости РАА хабарлады.

Көрші елдің президенті Қ.Тоқаевпен сөйлескеннен кейін Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевпен кездескен.

"Мен бүгін ғана сіздің сапарыңыздың алдында Қазақстан президентімен сөйлестім. Бұл Ресейдің өз көршілерінің егемендігін мойындайтынын әрі оны нығайтуға атсалысып жатқанын білдіреді. Қазақстанда болған оқиға (қаңтар оқиғасы – ред.) кезінде көрші елге көмек қолын созуымыз ниетіміз дұрыс екенін білдіреді. Біз қазақстандық басшылықтың өтініші бойынша оны ҰҚШҰ шеңберінде қолдадық. Ал жағдай реттелгеннен кейін ұйым әскері бірден елден шығарылды", - деді Путин.