Bugin

Путин Қазақстанның егемендігін нығайту жөнінде ойын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мәскеуде Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның егемендігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Сізбен кездесудің алдында мен Қазақстан президентімен сөйлестім. Менің ойымша, бұл – Ресей көршілерінің егемендігін қолдап, оны жан-жақты нығайтып отырғанының өте жақсы мысалы», - деді Путин Әлиевке.

РФ басшысының сөзінше, Қазақстанға ҰҚШҰ аясында қолдау көрсетілуі Ресейдің барлық көршілермен бейбіт қарым-қатынасқа мүдделі екенін көрсетеді.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан басшылығының өтініші бойынша біз халықаралық терроризмнің сыртқы агрессиясына байланысты Қазақстанды ҰҚШҰ аясында қолдадық. Ал бұл мәселе жойыла салысымен, Қазақстан басшылығының өтініші бойынша біз ҰҚШҰ контингенті құрамындағы барлық қарулы күштерімізді шығардық және Қазақстанмен жұмыстың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз, бұл, әрине, Ресейге де, Қазақстанға да тиімді және Қазақстанның егемендігін нығайтады», - деді ол.