Bugin

Жүргізушілерге тағы бір жағымсыз жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда бұған дейін көлік құралдары жыл сайын өтетін техникалық бақылау құжатын алып тастау мәселесі көтерілген еді. Алайда Қазақстан үкіметі техникалық байқау құжатын алып тастамайтынын мәлімдеді.

"Міндетті техникалық байқауды алып тастау дұрыс емес деген ойдамыз. Бұл құжаттың мақсаты да сол – көлік құралының жүруге жарымды екенін дәлелдеу. Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйенсек, соңғы уақытта елде ескі, жүргізуге жарамсыз көліктер көбейіп кеткені байқалады. 2019 жылы 100,7 мың, 2020 жылы – 120,5 мың және 2021 жылы – 170,2 мың жүргізуші қауіпсіздік талабын бұзғаны үшін айыппұл салынған", - дейді премьер-министр Әлихан Смаилов.

Айта кетейік, бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елде утилизациялық алымның жойылмайтынын, тек ставкасы екі есе азайтынын айтқан. Бұл шешім қоғам белсенділерінің көңілінен шықпады. Мұны олар "халықты алдау", "көзбояушылық" деп атады.