Әлем

Киев метросында нәресте дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгінде Киев тұрғындарының панасына айналған метрополитенде нәресте дүниеге келді. Украина халқы үшін ауыр сәтте өмір есігін ашқан сәбиге Мия деген есім берді. Бұл туралы бұрынғы халық депутаты Анна Гопко мәлемдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Мия осы түні дүрбелеңнің ортасында – Киевті жарып жатқан кезде дүниеге келді. Анасы бақытты. Путин украиндықтарды өлтіріп жатқан кезде, біз Ресей мен Беларусьтегі аналарды Ресейдің Украинаға ашқан соғысына наразылық білдіруге шақырамыз. Біз өмір мен адамзатты қорғаймыз», - делінген жазбада.