Bugin

Киевтегі метро баспана ретінде жұмыс істейтін болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Киев мэрі Виталий Кличко астаналық метро жолаушы тасымалдауды тоқтататынын, енді ол баспана ретінде жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы саясаткер Telegram-каналына жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Метро паналау режиміне көшті. Тасымалдау жүргізілмейді», - деп жазды әкім.

Ол сондай-ақ, Украина астанасының тұрғындарын үйде немесе метрода болуға шақырды.

Кличко: «Маңызды инфрақұрылымда жұмыс істейтіндерден басқа, көшеге немесе қалаға шықпаңыздар» - деп жазды.