Bugin

Теңіздегі өрт: экологтар кәсіпорынды тексереді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырау облысының экологтары наурыздың 1-і күні түстен кейін өрт шыққан кәсіпорынды тексеруді жоспарлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өрттің Жылыой ауданындағы «Nasar Solutions» ЖШС қалдықтарды өңдеу кешенінің аумағында болғанын растады.

Оқиға орнында «Теңізшевройл» ЖШС өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.

«Атырау облысы бойынша экология департаменті «Nasar Solutions» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесін шешуде. Нәтижелері қосымша жарияланады», - делінген ведомство хабарламасында.

Атмосфераның ластануын бақылаудың ең жақын орналасқан автоматты посты қоршаған ортадағы ластаушы заттардың ШРК-ның асып кетуін тіркеген жоқ.

Бұған дейін «Теңізшевройл» ЖШС өрттің Теңіз өндірістік алаңынан тыс жерде орналасқан «Nasar Solution» мердігер компаниясының өндірістік цехында шыққанын хабарлаған.