Bugin

Ресейдің әскері таусылды – Украина әкімшілігі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейдің әскери ресурсы бітті, жауынгерлері қырылғаны қырылып, қолға түскені тұтқындалып жатыр. Ресей әскері қатарында адам қалмай барады. Содан жап-жас жігіттері соғысқа жіберуде.

Осылай деді Украина президент әкімшілігің басшысының кеңесшісі Алексей Арестович 2 наурыз күні өтке баспасөз брифингте. Бұл жайлы УНИАН ақпарат агенттігі жазады.

"Қарсылас жау қаруын тастап, өз еркімен тұтқына түсіп жатыр. Не кері шегініп, беларусь пен ресей шекарасына қашуда. Бірақ Ресейдің Қарулы күш басшылығы табандап шегінбей тұр. Жап-жас жігіттерді соғыс өтіне айдап жатыр. Тіпті арасында әскери училищенің курсанттары жүр. Айбатты орыс әскерінің түрі осы ма?! Бұл түрімен Украинаны жеңе алмас. Бұл – Ресей әскерінің тығыраққа тірелгенін білдіреді. Өйткені әдетте соғысқа училище курсанттарын жібермейді. Әскери басқарма тарапынан күш жетпей жатқаны көрініп тұр. Содан болса керек, бір жағынан беларусь әскерін қатарға қосып, соғысқа тартқысы келіп отырғаны. Беларусь әскері әзірше ұрысқа кірген жоқ. Бірақ кіру қаупі бар", - дейді Арестович.

Украина президенті Зеленский бүгін ресей әскерінің 6 күнде 6 мың жауынгері қаза тапқанын мәлімдеген еді. Ресей шығыны мыналар: 211 танкі, 862 әскери көлік (брондалған техника).

Ал Ресей тарабы соғыс шығынын әлі айтпады.