Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Британдық арнайы әуе қызметінің 70-тен астам жауынгері және америкалық элиталық арнайы күштердің 150 әскери қызметкері Украина президенті Владимир Зеленскийді Киевтен алып шықпақ. Бұл туралы Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы ең бірінші The Sun басылымы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, егер Зеленскийдің өзі сұраса, эвакуация түнгі уақытта жүзеге асуы мүмкін. Әзірге арнайы жасақ Литвадағы әскери базада Украинадан келген әскерилермен бірге дайындық өткізуде. Бұл ретте газет Украина басшысының қай елге эвакуациялайтыны туралы айтпайды.