Bugin

АҚШ барлау қызметі: «Путин Украинадағы жағдайды одан әрі шиеленістіруі мүмкін»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ барлау қызметі Путин халықаралық санкциялардан туындаған экономикалық қиындықтар мен әскери сәтсіздіктерге қарамастан Украинадағы жағдайды одан әрі шиеленістіру мүмкін деп санайды. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Біздің сарапшылар Путиннің мұндай сәтсіздіктерге тосқауыл қоюы екіталай деп есептейді және ол Украинаны қарусыздандырудағы күш-жігерін еселей түсуі мүмкін», - деді Ұлттық барлау басқармасының директоры Аврил Хейнс.

Сонымен бірге, Орталық барлау агенттігінің директоры Уильям Бернс Путиннің «ашулы және ренжулі» екенін айтты.

- «Ол бейбіт тұрғындардың шығынына қарамастан, Украина армиясын талқандауға тырысатын шығар», - деді Бернс.

Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы генерал Скотт Берриердің айтуынша, алдын ала болжам бойынша, бүгінге дейін Украинада жойылған ресейлік әскери қызметкерлердің саны 2 мыңнан 4 мыңға дейін жетуі мүмкін. 

Украина Қарулы Күштері Бас штабының мәліметі бойынша, 7 наурызды қоса алғанда, жаудың жалпы жауынгерлік шығыны шамамен 12 мыңнан астам адамды құрады.