Bugin

Әлемде алғаш рет доңыз жүрегі салынған ер адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ-та доңыздың генетикалық түрленген жүрегі салынған ер адам көз жұмды. Мэриленд штаты университетінің аураханасында науқастың 8 наурызда өмірден өткенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Айықпайтын жүрек ауруына шалдыққан 57 жастағы Дэвид Беннетт тарихқа доңыздың гендік түрленген жүрегі салынған алғашқы адам ретінде енді. Ол 8 наурызда көз жұмды», – делінген университет ауруханасының мәлімдемесінде.

Науқастың жағдайы бірнеше күн бұрын күрт нашарлай бастаған.

«Отадан кейін жүрек бірнеше апта жақсы жұмыс істеді», – деп қосты мамандар.

Аурухана мамандары доңыздың гендік түрленген жүрегі жайлы таптырмас мәлімет алынғанын айтты. Олардың сөздерінше, мұндай жүрек иммундық жүйесі «толығымен жойылғанда» ғана адам ағзасымен бірге жұмыс істей алады.

«Біз әрі қарай да болашақ клиникалық сынақтарда жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», – делінген бағдарлама жетекшісі дәрігер Мұхаммед Мохиуддиннің сайтында.

Дэвид Беннетке доңыз жүрегі 7 қаңтарда салынған. 7 сағатқа созылған отадан кейін Беннет өзін жақсы сезінген.