Bugin

Ресейлік қоғам қайраткері: «YouTube Ресей заңнамасын бұзатын сайт»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Қауіпсіз интернет лигасының» жетекшісі Екатерина Мизулина YouTube сайтын бұғаттауға шақырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы tjournal сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның пікірінше, YouTube Ресей заңнамасын бұзатын әлеуметтік желінің бір түрі.  Сондай-ақ, ол YouTube-ке қарсы ауыр шара қолданатын кез келді деп есептейді. 

- Барлық шулы қоғамдық мәлімдемелерге қарамастан, YouTube Ресей туралы фейктердің, шексіз экстремистік мәлімдемелер мен зорлық-зомбылыққа шақырулардың таралуына қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда;

- YouTube - Ресей заңнамасын өрескел бұзушылардың бірі;

- Бірнеше жылдан бері платформа Ресей заңдарын, сондай-ақ Ресей соттарының шешімдерін жүйелі түрде бұзып, мүлде елемей келеді;

- Соңғы 2 аптада құқық бұзушылықтар жиілеп кетті;

- YouTube бейнехостингіне қатысты Google-дан 101 000-нан астам тыйым салынған мазмұн сұралды;

- Бүгінге дейін YouTube әкімшілігі Роскомнадзордың бұрын жіберілген талаптарында (2020-2021 жж.) қамтылған 2501 материалды жойған жоқ. Соның ішінде есірткіні қолдану жолдары, суицидке үгіт-насихат материалдары, атылған адамдардың кадрлары туралы ақпарат;

- Арнайы әскери операция басталғаннан бері YouTube Роскомнадзордың рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларға қатысуға шақырған 1500 материалды алып тастау туралы талаптарын елемеді;

- Сонымен қатар, YouTube Роскомнадзордың Ресей Қарулы Күштері жүргізіп жатқан арнайы әскери операциясы туралы сенімсіз ақпараты бар 2387 материалды жою туралы талаптарын елемеген;

- Ввидеохостингте Ресей туралы ашық өтірік, зорлық-зомбылықпен қатысты тікелей эфирлер көрсетіліп жатса, біз не себепті шыдауымыз керек?

Оның пікірінше, YouTube Ресей заңнамасын ең ауыр бұзатындардың бірі.

- «Бұған шыдап келгеніміз жетер. Ресей ресурсты бұғаттауға толығымен дайын. YouTube-ке қатысты қатаң шаралар басталды» - деп жазды ол.