Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]QAZAQ AIR компаниясы бүгін, 12 наурыз күні, көрші елдің Новосібір қаласына ұшатын рейсін тоқтатты.
Бұған себеп – шетелдік сақтандыру компаниясының Ресей әуе кеңістігіне қызмет көрсетуден бас тартуы. Соған байланысты әуе компаниясы Ресей аймағында ұша алмайды.
"Жолаушыларға алған билеттің құны толық қайтарылып беріледі. Егер билеттік авиакомпанияның өзінен алсаңыз, [email protected] поштасына жүгініңіз", - делінген таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Air Astana әуекомпаниясы да Ресейге ұша алмайтынын айтып, кеше рейстерді тоқтатқан еді. .