Әлем
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама коронавирус індетін жұқтырды. Бұл жайында ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Covid-қа тест тапсырып едім, жаңа ғана оң нәтижесін көрсетті. Тамағымның ауырғанына бір-екі күндей болған. Басқа жерім мазалап тұрған жоқ. Әзірге жақсымын», – деп жазды ол.
Ал әйелі Мишельдің коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсеткен.
Обаманың айтуынша, әйелі екеуі қайта вакцинацияланған. Сол себепті америкалықтарды инфекцияға қарсы екпені қайта алуға шақырды.