Bugin

Ресейдің жеңілуіне аз қалды. Оған себеп 12 болжам

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресей соғысты өзі бастады, енді жеңілетін де – өзі. Нақтырақ айтсақ, жеңілуіне аз қалды. Орыстар жеңілсе, әлем түбегейлі өзгерейін деп тұр. Осылай деп жазды АҚШ философы, саяси экономист, Стэнфорд университетінің ғалымы Фрэнсис Фукуяма.

Саясаттанушы American Purpose онлайн-журналына берген мақаласында Ресейдің неге жеңілетінін әрі оның салдары қалай болады дегенге 12 болжам ұсынған екен. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Фото/purdue.edu                                             Фрэнсис Фукуяма

1. Ресей Украинадан ойсырай жеңілмек. Бұған аз қалды. Ресей әскери іс-қимылды дұрыс жоспарламады. Жалған ақпарат мен өтірік уәждің кесірінен шалыс кетті. Украина халқы қарсы тұрып, қайрат көрсетеді деп еш ойламаса керек. Орыс әскері Украинаға басып кірсе болғаны – жергілікті халық қолдау көрсетеді, ресей әскерінің келгеніне қуанады деп ойлады. Тіпті, орыс әскерлері Киев қаласында әскери шеру өткізу үшін қосымша амуниция мен қару-жарағын да салып әкеліпті. Содан-ақ ресей қарулы күштерінің қалай қиялданып кеткенін көруге болады. Қазір Ресей әскері жеңіліп жатыр. Путин бүкіл Қарулы Күшін Украинаға аттандырды. Енді оның қосымша күші де, сенері қорғаны да жоқ. Ал бүкіл Украинаға жұмылдырылған әскері қазір Киевтің түбінде тамақ пен қару-жарақ жетпей зардап шегіп жатыр.

2. Ресей әскері аяқасты жеңілетін сияқты. Өйткені Екінші дүниежүзілік соғыстағы сынды армия қалжырап, әл-қуаты кетіп жатқан жоқ. Бірақ жауынгерлік рухы сынып кетті. Әсіресе, Украинаның солтүстігінен кірген әскер кәдімгідей шабандап қалды. Ал оңтүстіктегі әскер біршама жақсы. Бірақ олар да басып алған жерін ұзақ ұстап тұра алмас. Өйткені солтүстікпен дұрыс байланыс орната алмаған соң, кері шегінуге мәжбүр болады.

3. Ресей әскері ойсырай жеңілмейінше, дипломатиялық келіссөз болмайды. Украина да, Ресей де жалған, жасырын келіссөзге баруы мүмкін. Бірақ қазір емес.

4. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі – әлсіз ұйым екен. Қолынан түк келмеді. Бұған тағы бір көзіміз жетті. Қауіпсіздік кеңесі бір ғана пайдалы нәрсені істей алды. Ол – Бас Ассамблеяда дауыс жинағаны. Сол кезде әлемнің 4 мемлекетінен басқасының бәрі Ресейге қарсы екенін көрдік. Әлем "жаман" және "жақсы" болып екіге бөлінді.

5. Байден Украина аспанын жабудан және Польша арқылы МИГ әскери ұшақтарын кіргізуден бас тартты. Бұл екі шешімі де дұрыс. Байден осынау қиын әрі қызуқанды шақта салқынқандылық танытты. Ресейді Украинаның өзі жеңгені дұрыс. Кейін Путин де украиндарға НАТО көмектесті деп ілік іздемейді. Таза жеңілгенін көреді. Польша МИГ ұшақтарын берді дегеннің өзінде оның көмектесе қоюы екіталай. Одан да Javelins, Stingers, TB2 қарулары тиімді. Одан бөлек, Еуроодақ елдері дәрі-дәрмек, байланыс құралдарын беріп жатыр. Мұның өзі – зор көмек.

6. Украинаның алапат жапа шегері анық. Қаласы қирап, халқы қырылды. Әсіресе, зымыран мен артиллерия соққылары көп дүниені қиратып, жермен жексен етіп кетті. Ал оны тоқтатар бір ғана жол бар. Ол – орыс әскерін ұрыс даласында талқандап, біржолата жеңу.

7. Әскері жеңілсе, Путин төзе алмас. Әлемге қарабет болайын деп тұр. Путин – ержүрек, мықты, қайратты адам деген сөздің бәрі көкке ұшады. Әлем Путинді сол үшін сыйлайтын еді. Енді одан сынықтан та қалмайды.

8. Путинді пір тұтқан популисттердің жүні жығылды. Ресей соғыс бастап, ақымақ іске барды. Маттео Сальвини, Жаир Болсонару, Эрик Земмур, Марин Ле Пен, Виктор Орбан бен Дональд Трамп бастаған ақылгөйлер ләм дей алмады. Бұл соғыс кімнің кім екенін көрсетіп берді.

9. Мына соғыс Қытайға жақсы сабақ болды. Ресей де, Қытай да соңғы он жылын әскерін қуаттауға, жоғары технологиялық қару-жарақ жасауға, сол арқылы әлемді үркітуге тырысты. Оның бәрі бекер. Әскерің ұрыс даласында соғысып, шынайы жаттығып үйренбесе, қару-жарағың қанша мықты болса да, жеңіске жетуің қиын. Ресейдің әуе қарулы күштері жеңілгені сынды Қытайдың да әуе күштері жеңіледі. Сондықтан Қытайдың жақын маңда Тайваньға басып кіруі екіталай. Қытай басшылары да иллюзияға берілмей, ес жинар деген үміттеміз.

10. Енді Тайвань "ай қарап, жұлдыз санамай" әскери қуатын арттырады деген ойдамыз. Жаныңда басқыншы ел тұрғанда, бей-жай отыруға болмайды. Украина сынды күні бұрын бәріне дайындалса игі.

11. Бұл соғыста Түріктің "Байрактары" нағыз хит болды.

12. Ресей жеңілсе, халықаралық демократия қайтадан жанданады. 1989 жылы КСРО диктатурасы құлаған кезде әлемнің демократия мен еркіндікке деген құлшынысы артқан еді. Демек, мына жағдай да соған қайнар көз болмақ.

Ресей бастаған соғыс қалай аяқталуы мүмкін. Үш сценарий.