Bugin

Мен жұртқа жағыну үшін реформа жасамаймын – Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгінгі, 16 наурыз күнгі жолдауында саяси реформаларды жүзеге асыру жайлы пікірін білдірді.

Оның айтуынша, саяси реформа мен өзгерістер қоғамда әділдік пен адалдықты қалыптастыру тиіс әрі бір адамның шексіз билігі мен монополияны жоюға бағытталуы керек.

"Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті", - деді Тоқаев жолдауында.  

"Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Бұл, ең алдымен, супер-президенттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшуіміз керек. Мұндай жүйе билік институттарының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етеді және елдің орнықты дамуына ықпал ететін болады", - деді мемлекет басшысы.