Bugin

Қайрат Сатыбалды террористік ұйымдарды қаржыландырғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны "Қазақтелекомның" қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген күдікпен ұстаған болатын. Қазіргі таңда ол сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Еліміздегі қаңтар оқиғасынан кейін лаңкестерді дайындауға Қайрат Сатыбалдының қатысы болуы мүмкін деген болжамдар айтылған болатын. Бұл жайлы Экспресс К  жазды. 

Бұл туралы ақын Светқали Нұржан "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан еді.

"Сарыағаштағы Сманов медреселерін ашқан Қайрат Сатыбалды ғой мысалы. Керек болса, кейбір деректерде ол жерде қорғансыз балалардан құралған 10 мың адам дайындамақ болған. Оның барлығы террористерге айналады", - деген еді Светқали Нұржан.

Media World мәліметінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қамауға алынған Қайрат Сатыбалдының террористік ұйымдарды қаржыландырғаны туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ақша жылыстату мен терроризмді қаржыландыру бойынша операцияларды бақылауды күшейтуге қатысты бұйрық бар. Оның аясында ақпан айының басында барлық шара күшейтіліпті.

"Барлық ақпарат қаржы мониторингі агенттігіне жіберіледі, менің қолымда қандай да бір террористерді қаржыландырумен байланысты мәлімет жоқ. Қайрат Сатыбалдының террористік ұйымдарды қаржыландырғаны туралы ақпарат бізде жоқ", - дейді Әбілқасымова.