Bugin

Қайрат Сатыбалдының әйелі қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды қамауға алынғаны жөнінде ақпарат пайда болды. 

Бұл жайлы Ratel агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. 

Басылымның жазуынша, Гүлмира Сатыбалды 16 наурызда елордада бірнеше рет рейдерлік шабуылға қатысқан деген күдікпен ұсталған. Нақтырақ айтсақ, азаматтардың табысты бизнестерін тартып алумен айналысқан. 

Orda-ның дерегінше, Сатыбалдылар тартып алған бизнестің бірі – құрылыспен айналысатын «СП КазГерСтрой» ЖШС-і. Қазір бұл Қайрат пен Гүлмира Сатыбалдының ұлының атында тұр.

Сатыбалдының құрбанына айналғанын тағы бір адам - тележүргізуші Баян Мақсатқызы. Күйеуі Т.Алагөзовтың ірі бизнесін дәл осы Гүлмира Сатыбалды тартып алған көрінеді. Әрі Баян ханым қалай тартып алғанын айтып беруге де әзір екенін жеткізген.

Ал Қайрат Сатыбалдының өзі 13 наурыз күні ұсталған еді. "Қазақтелеком" АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.