Әлем

«Өтірік айтуды жалғастырады»: Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге не үшін қызығып отыр?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс Ресейдің Украинамен келіссөз жүргізуге не үшін қызығып отырғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Элизабет Трасс Ресеймен келіссөздерге «күмәнмен қарайтынын» да жасырмады.

«Егер мемлекет келіссөзге шындап кіріссе, дәл сол күні бейбіт тұрғындар мекендейтін жерді бейберекет бомбаламайтын еді. Біздің көргеніміз - ресейліктердің қайта топтасу үшін кеңістік құру әрекеті... Одан бөлек Ресей тарапының әскерлерді Украинадан шығару немесе келіссөз кезінде қандай да бір маңызды ұсыныс айтып жатқанын көрмедік», - деді ол.

Трасс ресейліктер «өтірік айтты және өтірік айтуды жалғастырады» деді.

«Алайда бұл келіссөздер назарды басқа жаққа бұрып әкете ме деп қорқамын», - деді министр.