Әлем

АҚШ Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары мен Сбербанк басшысына санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты қабылданған жаңа шектеу шараларын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы еліміздің Қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Санкциялық тізімге ЛХР мен ДХР тәуелсіздігін тануға дауыс берген Мемлекеттік Думаның 328 депутаты, сондай-ақ Мемлекеттік Думаның өзін ұйым ретінде қосты. Сбербанк басшысы Герман Грефке де санкция салынды.

Сонымен қатар әскери-өнеркәсіптік кешеннің 48 кәсіпорнына шектеу шаралары қолданылды. АҚШ қазынашылығы алтынмен кез келген мәмілелер Ресей Федерациясының Орталық банкімен байланысты болса, оларға тыйым салынатынын түсіндірді.