Редактор бағаны
Қазақ медиасы
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Көк сандықтан кейінгі уақытта түрлі факторлардың, бәлкім заман талабының әсерінен өзге кәсіптің мамандарын жиі көретін болдық.
Жалпы тілшілік тіршілікке қалай енуге болады? Оқу орындарының қабырғасында төрт жылды шығындамай, салалық пәндерді оқып, оқу мерзімін азайту керек деген ұсынысты өз басым қолдаймын. Өйткені журналисттің білікті болуы алған біліміне емес, көргеніне, біліп-түйгеніне байланысты деп ойлаймын. Он жыл бұрын елімізге онлайн медиа келгенде журналистерге деген сұраныс күрт артып, қандай да шараға барып, жаңалық әзірлей алатынның бәрі тілші атану мүмкіндігіне ие болды. Оның үстіне қоғам өмірі күрделеніп, салалық тақырыптар тереңдей түсті де, классикалық журналистика мектебінің өкілдері ол мәселелерді қажетті деңгейде қамтуға әрдайым дайын бола бермей, сол саланың мамандарын тілшілікке бейімдеу қажеттігі туды. Өзге саладан келгендер БАҚ-та жап-жақсы карьера жасап, жаңа кәсіптегі сенімділігі артқан соң, «журналистиканы арнайы оқытудың қажеттілігі жоқ» деген пікірлер пайда бола бастады.Ал егер әрбір мамандық иесі оп-оңай тілші бола алады десек, бұл еліміздегі журналистиканың төмен деңгейін не болмаса біздің журналистика туралы түсінігіміздің дұрыс еместігін білдірсе керек.
Мектеп қабырғасында өтетін пәндерді университетте қайта оқу уақытымызды шығындайды. Шетелде жағдай қалай?
Сөзімді қорытындылай келе журналистика мамандығын қанша уақыт оқығанымыз емес, сол уақыт аралығында нені тоқи алғанымыз маңызды деп ойлаймын.