Bugin

Облыстар бөлінгеннен кейін әкімдердің жалақысы қысқартыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының бюджеті аумақтың бір бөлігі олардың құрамынан бөлініп, жаңа өңірлер құрылғаннан кейін қысқартылады. Бірақ бұл әкімдердің жалақысына әсер етпейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бюджеттің қалай қысқартылатыны әзірге белгісіз. Барлығы жаңа аймақтардың шекарасына, олардың құрамындағы аудандардың санына және мемлекеттік қызметкерлердің санына байланысты болады.

«Міндетті түрде қысқартылады, алайда екі есе емес. Олардың бюджеті мен штат саны қайта бөлінеді. Тиісінше, егер шартты түрде қызметкерлердің 30%-40%-ы жаңа өңірге, мысалы, Ұлытауға кетсе, сәйкесінше, бюджеттің 30%-40%-ы шамамен сол жаққа кетуі керек. Яғни, қайта бөлу болады. Әрине, бар бюджетті қамтамасыз ету құптарлық, бірақ бұл үшін қосымша қаржылық бюджет қаражаты қажет болуы әбден мүмкін», - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров үкімет отырысында.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумақтарын қысқарту оларды басқаратын әкімдердің жалақысына әсер етпейді.

«Әкімнің өзі жұмыс істейтін жері кішірек болуы мүмкін, бірақ міндеттері сол қалпында қалады. Менің ойымша, жалақы сол күйінде қалады. Өйткені барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бекітілген қаржы бар», - деді министр.