Bugin

Арестович Украинадағы соғыстың қашанға дейін созыларын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Украина президент әкімшілігінің басшысы Алексей Арестович Ресей әскерінің басқыншылығы бір-екі аптадан кейін саябырсуы мүмкін екенін айтты. Оған дейін қиян-кескі ұрыс болары анық. Содан кейін соғыс қимылдары тоқтауы мүмкін.

Бұл жайлы ПӘ басшысына сілтеме жасап Новое издание басылымы жазды.

"Келіссөз өтті. Бірақ соғыс тоқтаған жоқ. Ұрыс жүріп жатыр. Енді бір-екі аптадай дәл қазіргідей қиян-кескі ұрыс болуы мүмкін. Ресей әскерінің бір бөлігі Киев маңынан кетті. Қалғаны әлі осында. Кеткен бөлігі Украианың шығысына қарай жылжып барады. Мариуполь мен Донбастағы қорғанысты күшейту үшін әскерді сонда алып кеткені анық. Сондағы украинаның әскерін қоршауға алмақ", - деп түсіндірді Арестович.

Оның айтуынша, Ресей сол жақтағы (Мариуполь мен Донбас маңындағы – ред.) күштерді біріктіріп, Украинаның батысына қарай жылжымақ.

"Черниговск облысынан орыстар әскерді әкеттік дегенімен, шындап келгенде, әкеткен жоқ. Солтүстіктен бәрібір әскер кіріп жатыр. Херсон аймағын қазір орыстар "қорғап тұр". Бірақ украин әскері шабуылын тоқтатқан жоқ", - дейді ПӘ басшысы.

Айта кетейік, кеше Түркияда өткен украин-ресей келіссөзі аясында орыстар біраз әскерін Киев пен Черниговск маңынан әкеткенін хабарлаған еді. Мұны Украинаның Бас штабы да мәлімдеді. Алайда "орыстарға сенбейміз, бұл жай көз алдаушылық болуы мүмкін" деген еді.