Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Беларусь аумағындағы ресей әскерінің бір колоннасы еліне қарай қайтып барады. Мұны Беларусьтің оппозициялық басылымдарының бірі жазды.
Басылымға пікір білдірген беларусь ауылының тұрғындары Ресейдің әскери техникаларының бір топ колоннасы өз еліне қарай жол тартып бара жатқанын көрген. Атап айтқанда, әскери техника колоннасы Мәскеу мен Брянскі, Смоленскі облыстарына қарай аттанып бара жатқанған ұқсайды.
Ал орыс әскерінің бір колоннасы Беларусь елінің тағы бір кедендік бөлігі Витебск облысы арқылы Ресейге қарай жол тартқан екен.
Дегенмен Киевтен қайтқан орыс әскерлері қазір бәрібір Беларусь аймағында жатыр. Әсіресе, Украинаның солтүстігіне жақын Беларусьтің Гостомель облысында топтасып, осында демалып жатқанға ұқсайды.
Беларусь тілшілерінің айтуынша, РФ-тің оккупациялық әскерінің көп бөлігі әлі беларусь жерінде жүр. Соған қарағанда, Украинадағы шаршаған әскерін басып алу аймағынан шығарып, осында әкеп демалдырып жатқан көрінеді.
«Әскери ротацияға (әскердің бір бөлігін ауыстыру, алмастыру – ред.) ұқсайды», - деп пікір білдіреді тілшілер.
Сондай-ақ, ресейліктер авиациясының да бір бөлігін еліне қайтарып жатқан сыңайлы. Өйткені Беларусьтің Мачулищи әуежайынан 45 тікұшақ пен 5 ұшақ Ресейдің Брянск облысына қарай ұшып кеткен. Ил-76 жүк тасу ұшағы да осы бағытты бетке ұстаған.
Теміржолмен де әкетіп жатқаны айтылуда. Мәселен, ресейліктер Гомель облысындағы 5 теміржол бекетінен әскери техникасын тиеп жатыр.
Жоғарыда ротация деп айтқанымыздай, ресей әскері шаршаған техникаларын әкетіп орнына басқасын әкеп жатқан көрінеді. Өйткені Беларусьтің Хойники қаласының теміржол бекетіне жаңадан 14 БМД-4М, 10 БТР-МД "Ракушка", 2 БТР-ЗД "Скрежет", БТР-Д, САУ "Нона-С", 2 БТР-82А , ТОС-1А "Солнцепёк" мен ТЗМ сынды әскери техникаларын әкеп түсірген екен.
Ресей әскері Беларусьтегі соғыс техникаларын Мәскеуге әкетті