Bugin

15-20 сәуір күндері Байқоңыр ғарыш айлағының болашағы шешілмек

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алдағы күндері Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде келіссөздер өткізеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның айтуынша, 15-20 сәуір күндері ғарыш айлағының болашағы талқыланады.

– «Уақыт бір орында тұрмайды. Біз орманда тұрып жатқан жоқпыз. Сондықтан «Байқоңырдың» жағдайын талқылаймыз», – деді ол.

Келісімшарт бойынша Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 100 млн доллар төлейді деген дерек бар.