Bugin

Министр жаңа партияларды тіркеу туралы маңызды сұрақтарға жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әділет министрі Қанат Мусин жаңа партияларды тіркеу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде үш партия құжаттарын ұсынған.

«Олардың арасында «Ел тірегі» және «Байтақ» бар. Алайда олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылды. Жалпы ұйымдастырушылар әрбір адамға қатысты деректерді қамтуға тиіс. Кейде адамдардың ЖСН номерлері сәйкес келмейді, тіпті, қайтыс болған адамдар ұйымдастыру тобының тізімінде жүреді. Сонымен қатар басқа партиялардың мүшелері де кезігеді. Бұл адамдар заң бойынша тізімнен шығарылға тиіс», - деді Қанат Мусин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ұйымдастыру тобы мүшелерінің саны тиісті деңгейге жетпейді.

«Талаптарға сәйкес келмеген құжаттар қайтарылады. Бұл - ұйымдастырушылардың жұмысы мен жауапкершілігі. Яғни, олар тізімді егжей-тегжейлі тексеріп, қателікке жол бермеуге тиіс. Егер олар құжаттарды талапқа сәйкес ұсынса, біз міндетті түрде партияны тіркейміз», - деді министр.