Bugin

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген жарлықта.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.