Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Павлодарда алғашқы көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлері науқас баланың қабырғасын сындырып алған. Бұдан бөлек науқас ауруханаға бара жатқанда басымен құлап кеткен болып шықты. Болған жайт туралы бір жарым жасар баланың анасы Іnstagram әлеуметтік желсіндегі парақшалардың бірінде жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сәуірдің 6-сы күні сағат 21:03-те жедел жәрдем шақыра бастадым. Себебі құрысу белгілерінен кейін баламның жүрегі тоқтап қалды. 5 минуттан кейін ғана қоңырауды алды. Мұндай жағдайды ескеретін болсақ, бұл - өте ұзақ уақыт. Олар шынымен де тез жетті. Бірақ қандай науқасқа келе жатқанын біле тұра, жиналмай келген. Оттегі болмады, бұдан кейін шұғыл көмек көрсету үшін қалған құралдарды алуға қайтадан үш рет төмен түсті. Қанша уақытты жоғалтып алды», - дейді жазбаның авторы.
Әйел адамның айтуынша, алғашқы көмек көрсету кезінде баланың қабырғасын сындырып алған. Бұған қоса, ауруханаға бара жатқанда бала басымен құлап кеткен.
«Бүгінгі таңда балам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шара қолдануыңызды өтінемін», - дейді сәбидің анасы.
Облыстық жедел жәрдем станциясында бұл шағымға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын хабарлады.
«Біріншіден, бала мен оның анасына денсаулық тілейміз. Тезірек жазылып шықсын! Жедел жәрдем бригадасының әрекетіне баға беріледі. Оның шынымен қабырғасы сынған болып шықты,» - дейді станцияда.
Станцияда оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.