Қоғам

Қазақстанда кімдерге төленетін зейнетақы мөлшерінің артатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы мөлшері артатын болды. ҚР Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Зейнетақы төлемдерін 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңгеге, ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңгеге дейін артуы мүмкін.

Қазіргі кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 19 450 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңге.