Bugin

Доллар бағамы түсті, енді азық-түлік арзандай ма? – сарапшы пікірі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда доллар бағамы біршама түскені белгілі. Ақпанның аяғында 500 теңгеден асқан доллар қазір 447-448 теңгеге түсті. Алайда ақпанда доллармен бірге қымбаттаған азық-түлік сол беті қымбаттаған күйде қалды. Түскен жоқ.

Ел-жұрттың көкейінде жүрген сауал да осы – «Доллар түсті, енді баға арзандамай ма?» деген сауал.

Бұл сауалға экономист Сырымбек Төлеу былай деп жауап береді.

«Баға арзандамайды. Себебі, біріншіден, Ресей-Украина арасындағы соғыс қазір бітейін деп тұрған жоқ. Екіншіден, Геосаяси жағдайлардың әсері бар. Үшіншіден, доллардың өзінің құны әлемдік деңгейде артып келе жатқан жағдайы бар.

Осы тұрғылардан қарайтын болсақ, төл теңгемізге бәрібір қысым түсіп тұр.

Егер теңгені үкімет дәл осы бағамды кем дегенде үш төрт ай ұстап тұрса, онда қымбаттаған азық-түлік бағасы аз да болса түсуі мүмкін. Бірақ баға бұрынғы арзан кезіне түспейді. Өйткені импортталатын тауарлардың жеткізілу жолы ұзартылады. Ал шикізаты шетелден келетін отандық тауарлардың құны да теңгенің тұрақтылығына байланысты болып отыр», - деп түсіндіреді сарапшы.