Bugin

Сбербанктен несие алғандар енді Халық банкіне төлем жасайды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандағы Сбербанк несие портфелінің бір бөлігі Halyk Bank-іне ауысты. Бұл жайлы Сбербанктің өзі хабарлады.

2022 жылдың сәуір айындағы деректерге жүгінсек, қазақстан азаматтарының Сбербанк-тен алған несиесінің жалпы сомасы 1,1 трлн долларға тең екен. Соның үштен бір бөлігін, нақтырақ айтсақ, 330 млрд теңгелік несие портфелін Halyk Bank-іне сатқан. Бұлардың ішінде ипотека мен автонесие де бар.  

Ал банк басшылығының айтуынша, клиенттердің дүрлігуіне еш негіз жоқ, мұндай қадам – банк секторында бұрын да қолданылып жүрген қалыпты шара.

«Біз клиент пен мемлекет алдында міндетімізден қашқан емеспіз, әрдайым орындауға тырыстық. Бүгінгі таңда Қазақстан СберБанкі мемлекет алдындағы қарызын, оның ішінде жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша алған ақшасын түгел қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру қаржы саласында кең таралған тәжірибе саналады. Клиенттерге ауыртпалық салмауды амалы бұл. Әрі серіктес банкіне зор мүмкіншілік», - дейді «Сбербанк» АҚ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.

Енді Сбербанктің клиенттері Halyk Bank-тен есепшот ашып сомен несие төлейді. Ал ол есепшотты ашу үшін Halyk Homebank қосымшасын жүктеп, соған тіркелсе болғаны.

Несиенің графигі өзгермейді, қай күні төлеп жүрсеңіз, сол күні төлейсіз. Клиенттің несие тарихына зияны тимейді. Ай сайынғы төлем Halyk Bank картасынан автоматты түрде алынады. Сондықтан клиенттің міндеті – Халық банкіндегі есепшотын уақтылы толтырып отырса болғаны.

Қазақстандағы Ресей банкі сатылғалы жатыр