Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ОДКБ) – ТМД-дағы жетекші әскери ұйым. Қытай бұл ұйымды толық мойындайды әрі онымен серіктес болу әзір. Бұл – Бейжің билігінің ресми көзқарасы.
Солай деп мәлімдеді Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы комитетінің тұрақты төрағасы Ли Чжаньшу.
«ҰШҚҰ – ТМД-ның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жетекші әскери ұйым. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұр. Біз бұл ұйыммен одан әрі тығыз қарым-қатынас орнатуға дайынбыз», - деді Ли Чжаньшу РФ Федерация кеңесінің спикері Валентин Матвиенкомен онлайн-кездесуде.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы – аймақтағы тәуелсіз елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған халықаралық әскери ұйым.
1992 жылы 15 мамырда Ташкентте құрылған. Құрамына Қазақстан, Армения, Ресей, Қырғызстан мен Грузия, Тәжікстан, Беларусь кіреді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61