Bugin

Әкімдік мәлімдеме жасады: Ресей әскери техникасы Батыс Қазақстанға не үшін келді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Апта басынан бері әлеуметтік желіде форма киген адамдар мінген әскери жүк көліктерінің Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде жүргені туралы видео тарап кетті. Видео Бөкей ордасы ауданындағы Темір Масин атындағы селолық округ маңында түсірілген деп айтылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі Ресей әскері Қазақстаннан жалға алған әскери полигонда жаттығу өткізу үшін келді деген мәлімдеме жасады.

«Ресей әскері Бөкей ордасы ауданындағы полигонға кетіп бара жатқан. Олар жолшыбай Бөрілі ауылында дүкенге кіріп, азық-түлік алып, көп кідірмей жолға шығады. Олар заңға қайшы ештеңе жасамады», - дейді әкімдік өкілдері.

Ал Қазақстан қорғаныс министрлігі ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, Ресей Қазақстанның үш аймағынан (Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) әскери полигондарды жалға алған.