Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Павлодарда мектептегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесі ғимаратының шатырындағы өрт аймағы ұлғайған. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Шатырдағы жану алаңы алдын ала мәлімет бойынша - 1200 шаршы метр. Өрт тарап кеткен, жанғыш жүк, түтін және өрттің кеш анықталуына байланысты сөндіру кезінде жағдай қиындады. Өздері сөндіруге тырысқан болса керек. Барлық күш пен құрал жұмылдырылды, жеке құрам тартылды. Оқиға орнында 13 техника мен 70 адам жұмыс істеп жатыр», - деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.
Өрттің шығу себептері, зияны анықталып жатыр.
Сондай-ақ, ведомство өрттен 47 жастағы мұғалім зардап шеккенін растады. Куәгерлердің айтуынша, өрт мектеп бөлмелерінің бірінде шығып, кейін шатырға жайылған.