Bugin

8 жылдан кейін жағдай қазіргіден де қиын болады - Күрішбаев

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

8 жылдан кейін елімізде  су тапшылығы туындайды. Сенатор Ақылбек Күрішбаев ол кездегі жағдайдың қазіргіден де қиын болатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстанда судың  қоры туралы нақты дерек жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік су қоймаларын жеке ұйымдар емес, «Қазгидромет» жүргізуі тиіс дейді депутат. Бұл үшін су қорының мониторингін цифрлық форматқа ауыстыру қажет. Қазіргі заман талаптарын ескере отырып, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемасын жаңарту керек.   

Ақылбек Күрішбаев  су шаруашылығы үшін мамандар даярлау мәселесінің де құр сөз жүзінде қалып отырғанын айтып өтті. Еліміздің су қорын жоспарлау, бақылау және ұтымды пайдалану мақсатында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізетін дербес су шаруашылығы ведомствосын құруды ұсынды.

«Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай 90-нан 76 текше метрге дейін төмендейді. Бұл елдегі су тапшылығы 8 жылдан кейін шамамен 15 процентті құрайтынын білдіреді. Бүгінге дейін экономикамызда су ресурстарының мұндай жетіспеушілігі болған емес. Сондықтан біз әлі де судың тапшылығын сезінбей отырмыз», - дейді ҚР парламенті сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.