БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Тұлға психологиясы» саласын теориялық-практикалық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған.
Тұлға бағыттылығы тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын түрткі-ниеттер жиынтығы.Тұлғабағыттылығыоныңмүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталынып, адамның дүниетанымынан білінеді. Тұлға бағыттылығы дамумен өзгешеленіп, алдыға қарай жылжу, өзгеріс дегенді білдіреді.
Тұлғаның дамуы – тұлғаны қоғамдық өмірдің әртүрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді және жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары, тұлғааралық қатынастар мен ерекшеленеді.
Тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзараәрекететуі бұл, адамдардың бірін-бірі түсінуімен қабылдауы мен тұлғааралық тартымдылық және мінез-құлық жатады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлікөзқарастарысезімдернегізіндеқалыптасады. Тұлғаның эмоциялық көрінісі үш деңгеймен қарастырылады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Тұлғааралық қарым-қатынаста көбінесесезімдергебасакөңілаударылады. Олар әлеуметтік сезімдермен өлшенеді.Олар қоршаған ортамен өзара эмоционалды әрекет етеді.
Тұлғааралық қарым-қатынас барысында адамның жеке ерекшеліктерін көрсететін коммуникативтілік төзімділік болады. Коммуникативтілік төзімділік коммуникаторлар мен онымен қарым-қатынасқа түсетін тұлғалардың ерекшеліктеріне тәуелді. Қарым-қатынас жасауға ықпал ететін тұлғаның интеллектуалдық, құндылық, этикалық, эстетикалық,эмоциялық, сенсорлық, энергодинамикалық және мінез-құлықтық ерекшеліктері адамдар арасындағы қатынастардың төзімділігін анықтайды.
Адамның психологиялық табиғаты ол қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығынан құралады. Ол тұлғаның әлеуметтенуімен, әлеуметтік тәжірибелерді меңгерумен байланысты. Әлеуметтік ортада адам өзінің бағыттарына сәйкес әрекет етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының
аға оқытушысы Қ.Қ.Сайлинова
психология ғылымдарының кандидаты,
профессор м.а. Н.С. Жұбаназарова