БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Педагогтарға арналған Ұлттық біліктілік тестілеуі техникалық ақауларға байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«25 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткізілетін барлық іс-шараны, оның ішінде Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін, Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын және педагогтарға арналған Ұлттық біліктілік тестілеуін кейінгі мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдауға тура келді», - делінген хабарламада.
Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырудың уақыты туралы ақпарат келесі аптада белгілі болады.
Бұдан бөлек техникалық себептерге байланысты тестілеуді аяқтай алмаған педагогтардың жауаптары сақталып, оларға тесті жалғастыру мүмкіндігі беріледі.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61