Bugin

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздік қалай ұйымдастырылғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктің қалай ұйымдастырылғаны анықталды. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның айтуынша, 4 қаңтарда Алматы облысында А. және жеке адамға қарсы қылмысы үшін сотты болған С. есімді адамдар қирату, мүліктерді жою және билік өкілдеріне қарсы күш қолдануды ұйымдастырғаны туралы алдын ала сөз байласқан.

«5 қаңтарда бұл адамдар әлеуметтік желі арқылы Талдықорғандағы шағынауданда 400 адамды жинап, сол жерде оларға облыс әкімдігін басып алу үшін нұсқау берген. Содан кейін ұйымдасқан топ орталық алаңға қарай жүріп, жол бойында қолдарына тас алып, металл кесінділермен қаруланған. Арессив топ қолда бар құралдардың көмегімен полиция қоршауын бұзып, облыс әкімдігінің ғимаратын өртеді. Олар тоқтамай топқа тағы 500 адамды қосып алып, барлығы Талдықорғандағы полиция ғимаратын басып алуға барды. Ғимарат 80 пайызға жойылды», - дейді Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.