Bugin

Қазақстанды қаралаған Ресей журналисіне нот-грата жарияланбақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейдің пропаганда журналисі Тигран Кеосаянға енді Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Яғни, Қазақстан тарапынан нон-грата жарияланбақ. Мұны елдің Сырқы істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

«Ресей тілшісі Тигран Кеосаянның Қазақстанды қаралауына бей-жай барамасқа болмайды. Оның айтқандары ресей қоғамның белгілі бір бөлігінің ой мен мақсаты болуы мүмкін, алайда ресей-қазақ қарым-қатынасының ықтымақтастық ниетіне мүлде сәйкес келмейді. Тілшінің бұлай сөйлеуі дұрыс емес, екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Әрі оны ел дұшпандары кері пайдаланып кетуі мүмкін. Меніңше, оны (тілшіні – ред) Қазақстанға кіруге тыйым салынған тұлғалардың қатарына қосу керек», - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, армян тектес ресей журналисі Тигран Кеосаян саяси-сатиралық Youtube-бағдарламасында Қазақстанның биыл әскери шеру өткізуден бас тартқанын «бетіне салық қып басып», Украинадағы жағдайды айтып сес көрсеткен еді. Елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін сөз айтылды.

Ал Тигран Кеосаян – ресейдің танымал пропогандист журналистерінің бірі, АҚШ пен ЕуроОдақ елдеріне ену санкция салынған Маргарита Симоньянның күйеуі. М.Симоньян – Russia Today (RT) халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы. Өз кезегінде Симоньян да Қазақстан Укрианадағы жағдай қатысты ресми мәлімдеме жасағанда, қатты сынған еді.