Bugin

АҚШ бұғатта тұрған Ресейдің ақшасын Украинаға береді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қаражат Украинаны қалпына келтіруге және гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталмақ. Бұл жайлы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап inbusiness.kz жазды.

АҚШ-тың Өкілдер палатасы жаңа заң қабылдады. Ол бойынша, Ресейге қарсы салынған санкциялар аясында бұғатталған активтер Украинаға жіберілетін болды.

Конгрессмендер Ресей Федерациясының басшылығын немесе заңсыз әрекеттерді қолдаған ресейліктердің активтерін тәркілеуді мақұлдады. Қаражат Украинаны қалпына келтіруге және гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталмақ.

АҚШ Әділет министрлігінің бұл заң жобасын қолдауға дайын екендігі 26 сәуірде белгілі болды. Ал Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен РФ Орталық банкінің активтерін Киевке беруге болатынын не болмайтынын білмейтінін айтқан еді.

Украина аумағында қақтығыс басталғаннан кейін, АҚШ, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания және Жапония Ресейдің Орталық Банкіне қарсы санкциялар енгізіп, оның резервтерін бұғаттап тастаған болатын.