Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда Мәскеудегі әскери парадта сөйлеген сөзі оның Украинадағы жеңісін жариялауға еш негіз жоқ екенін көрсетті. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN сайтына сілтеме жасап.
- «Оның Украинадағы әрекеттері сәтсіз болды. Ол бірнеше күннің ішінде украиндарды тізе бүктіріп, оларды берілуге мәжбүрлей алмады», - деді дипломат.
Сонымен бірге, Томас-Гринфилд өз сөзінде Путин Ресей әскерлерінің Украинадан шығарылғанын және Украина билігімен келісімге келгенін жарияламағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл соғыс ұзаққа созылып, тағы бірнеше ай болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61