Әлем

Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Yonhap агенттігінің ақпаратынша, «Омикрон» штамы Пхеньянның бірнеше тұрғынынан анықталған. Науқастардың нақты саны әзірге белгісіз. Елде қазіргі уақытта «төтенше жағдай»  жарияланып, уездер мен қалаларда қатаң локдаун енгізілді.

Шекарада бақылау күшейтіліп, үкімет оны толықтай жабу арқылы коронавирустың таралуына жол бермегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, сарапшылар Солтүстік Кореяда пандемия кезінде бірде-бір адамның коронавирус жұқтырмағанына күмән келтіреді.