Әлем

Украина Ресейді жеңе алады – Столтенберг

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Украина Ресейді жеңе алады. Бұл туралы НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Столтенбергтің айтуынша, Украинадағы соғыс Мәскеудің сценарийі бойынша жүріп жатқан жоқ.

«Олар Киевті ала алмады, Харьковтан шегініп жатыр, Донбасстағы ірі шабуылдары тоқтап қалды. Ресей тарапы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізе алмады», - дейді ол.

«Украин халқы Отанын батылдықпен қорғап жатыр. Оларға көмектесу үшін одақтастар миллиардтаған доллар жіберді», - дейді Столтенберг.

Сондай-ақ Бас хатшы НАТО-ның есігі Швеция мен Финляндия үшін ашық екенін атап өтіп, олардың одаққа кіру туралы шешіміне «тарихи» деген баға берді. Столтенберг Стокгольм мен Хельсинкидің НАТО-ға кіру процесін барынша жеделдеткісі келетінін атап өтті. Ол, Анкара айтқандай, Скандинавия елдерінің НАТО-ға кіруіне тосқауыл қоюға әрекет етпейтінін түсіндірді.