БІЛІМ

Ауылдағы қазақтың 10 мың баласын ағылшын тілінде оқытқан азамат

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қай елде, қай жерде жүрсеңіз де ағылшын тілін білсеңіз, далада қалмайсыз. Бұл бүгінгінің нақылы болар. Шындығында, тіл игеру, бірнеше тілде еркін сөйлеудің маңызы зор. Өзіңнің ана тіліңнен бөлек, өзге тілдің де тілін білім тұрсаңыз, тек тіл білуші адам емес, сол елдің мәдениетін, әдебиетін түпнұсқада оқитын, ақпарат айдынында ең мықты қарудың иесі болып шыға келесіз.

«Ауылдағы қазақтың 10 мың баласы» деген тақырыпты оқып шошымаңыз. Іштей «өтірік» деп те үлгерген боларсыз. Алайда бұл – факт.

Алмас Исабеков туралы іргедегі ауылдың баласынан бастап, шалғайдағы шетелдік тіл үйренушілер де таниды. Соның ішінде: Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Еуропа елдері және АҚШ бар. Ағылшын тілінің ортасында жүріп Қазақстандағы Алмасты не істесін деуіңіз де мүмкін. Тек оның тілді білгені не «үйретемін» деген жарнамасының мықтылығында емес, оның тілді үйрету методикасы ерекше әрі өзіне ғана тән авторлық еңбек.

Ауылдағы 10 мың баланы қалай оқытты?

Ағылшын тілінің бәсекеге қабілетті болу үшін маңызды рөл атқаратынын, әр қазақтың ағылшын тілін меңгергені өзі үшін, елі үшін де керек екенін түсіндік. Соның ішінде мектеп қабырғасында, әсіресе, ауылда білім алып жатқан қазақ баласының интернетте телміріп тикток көре бергенше, ағылшын тілінде ақпарат алмасқанын қалаған Алмас, мұның шешімін тауыпты.

DO платформасы арқылы онлайн түрде білім берудің жолын тапқан Алмас Исабеков бұл көрсеткіштің он мыңнан да көп екенін айтты. Бәріне себеп болған оның авторлық методикасы екен.

Қазір бір Алматы қаласының өзінде санаса саусақ жетпейтін тіл үйрету орталықтары, онлайн курстар толып жатыр. Дегенмен бәріне бірдей «керемет» деп баға бергендер шамалы. Тіл үйренуші үшін бәрі білетін методикамен білім беру дұрыс емес. Себебі әр адам алуан түрлі. Олардың қабылдау басқа. Алайда оларға ортақ бір құндылық бар. Бұл бір затты бір затпен байланыстырып есте сақтау әдісі. Осы әдісті дамытқан Алмас Исабеков қазақтың ауылда жатқан он мың баласын оқытып қана қоймай, олардың тілге деген махаббатын оятты деген сенімдеміз.