ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарды омикронның жаңа түріне байланысты қайта бетперде тағуға міндеттеу жоспары туралы айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Бүгінде маска тағу режимін енгізуге негіз жоқ. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деді Ғиният.

Айта кетейік, ақпанның басында ДДСҰ мамандары омикронның жаңа балама түрі – «стелс-омикрон» штамы таралып жатқанын ескертті. Оны «қолда бар сынақтардың көмегімен анықтау өте қиын». Штамм алғаш рет Африка құрлығының бес елінде анықталды: Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка.

Сонымен қатар 13 мамырда Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда «стелс-омикрон» анықталды.