Әлем
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Путин Украинаны жаулап алса, Словакияға соғыс ашуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттің премьер-министрі Эдуард Хегер мәлімдеді. Саясаткер Давостағы экономикалық форумда Ресейге жеңілдіктер жасалмауы керек екенін айтты, деп жазады Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.
«Украина сәтсіздікке ұшыраса, келесі кезек Словакияға келеді... Олар (Украина) жеңіске жетуге тиіс... Біз біршама уақыт бойы өз құндылықтарымызды арзан газ бен мұнайға айырбастап келдік. Путинмен ортақ тіл табысқанымыз – олардың Украинаға соғыс ашуына себеп болды. Адамдар қаза тауып жатыр. Украин халқы біздің құндылықтарымыз үшін қасық қаны қалғанша күресуде», - дейді ол.