Bugin

Назарбаев: «Мен президент Тоқаевты қолдаймын»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Нұрсұлтан Назарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді реформалау және одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылдарын қолдауға дайын. Бұл туралы белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында Елбасы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сұхбат барысында Елбасы «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдумға қатысасыз ба?» деген сұраққа жауап берді. 

- «Иә, 5 маусымда мен Конституция берген құқығымды пайдаланып, референдумға дауыс беруге міндетті түрде қатысамын. Еліміздің негізгі заңы қатып қалған құқықтық жәдігер емес, оны бейнелейтін тірі тетік екенін үнемі баса айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген.

Жалпы, бұл заман талабы болса, қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына үлес қосатын болса, негізгі заңға өзгерістер енгізуге әрбір ұрпақтың құқығы бар деп есептеймін. Мен де басқалар сияқты болып жатқанның бәрі мемлекет пен халқымыздың мүддесі үшін болуы керек деп ойлаймын», - деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ол үшін «артында халқы мен елін қалдыру» әрқашан бәрінен де маңызды екенін атап өтті.

«2019 жылы мен саналы қадам жасадым және көпшіліктің қарсылығына қарамастан мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Мен ұстанған бағыт халықтың қолдауының шарықтау шегіне жетті. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс жинадым. Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ бұл саяси көшудің бірқалыпты өтуі және қоғам мен билеуші ​​элитадағы ықтимал қайшылықтарды азайту үшін жасалды.

Конституцияға сәйкес мен өзімнің президенттік өкілеттіктерімді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бердім. Одан кейінгі халықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар ішінде мен оның елімізді реформалау және одан әрі дамыту жолындағы әрекеттерін қолдадым. Бұл жолы да қолдайтыныма сенімді болыңыз», - деп қосты Назарбаев.