Bugin

Референдумда бақылаушы болу үшін студенттерге ақша ұсынған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы ЖОО басшылығы 5 маусымдағы реферундумда студенттерді дауыс беруге шақырып қана қоймай, ақша ұсынған. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

Азаттық редакциясының жазуынша,  Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет басшылығы студенттерді ақшаға бақылаушы болып шақырған. Мұны бақылаушылар тобына қосылған студенттер растады. Бірақ бақылаушы студенттерге қанша төленетіні айтылмаған. 

Университет өкілі бұл деректі растамады және терістеген де жоқ. Азаттық сюжеті  тараған соң, бақылаушы студенттер тобына қысым көрсетілген.

Одан бөлек, Қазақ Британ техникалық университеті де студенттерді «жатақхана», баға, түрлі құжатқа қол  қоймаймыз» деп қорқытып, қатысуға міндеттеген. 

Суреттер @tilkespekjoq парақшасынан алынды.